Шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйға берілді

Редактор
21.06.2024, 12:10

Қазақ баласы енді әлем кубогінде ел намысын қорғайтын болады

Қазақстан шахмат федерациясы

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды. Біріншіліктің жабылу салтанатында шахматтан 20 жасқа дейінгі жаңа әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке ерекше құрмет көрсетілді.

Атап айтқанда, KazСhess президенті Тимур Турлов Қазыбекке су жаңа электрокарды сыйлады. 

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыстың чемпионы атанды. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501 ұпай. Үндістандағы тарихи жеңісінен кейін Қазыбек Нөгербек әлем кубогына жолдама алды.