«Ауыратлеттер жерге қаратты»: Спорт министрі Ермек Маржықпаев өкінішін айтты

Редактор
21.06.2024, 12:57

Жазғы Олимпиада ойындары Парижде тамыз айында басталады

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына 85 жолдамамен баруды көздейді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарына ауыр атлетика мен әйелдер күресінен жолдама иеленбеген.

«Олимпиада – ең үлкен маңызды дода. Париждегі жарысқа 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 спорт түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық», - деді министр.

Қазіргі уақытта Олимпиада жолдамасын иеленген спортшылар бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр.  

 «Аймақтар бойынша үлкен үлес қосқан Алматы қаласын ерекше атауға болады. Қала спортшылары Парижге 16 жолдама иеленді. Шымкент қаласынан – 12, Астана қаласынан – 9, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарынан 5 жолдамадан бар. Бұдан бөлек, алда 4 рейтингтік-лицензиялық турнир өтеді. Олимпиадаға жобамен 80-85 жолдамамен барамыз деген үміттеміз», - деді Ермек Маржықпаев.