Польша турнирінің финалына шыққан қырғыз балуандары бір-бірімен күреспей қойды

Редактор
21.06.2024, 13:49

Мұндай жағдай қырғыз балуандарының арасында бұған дейін де болған

Kabar.kg

Польшада өткен «Ziolkowski, Pytlasinski, Poland Open» халықаралық турнирінің финалында кездескен қырғыздың екі балуаны бір-бірімен күресуде бас тартты. 

Грек-рим күресінен 67 келіде финалда көрші ел құрамасының спортшылары Амантұр Исмаилов пен Раззақ Бейшекеев белдесуі тиіс болған. Алайда, бір-біріне ерекше құрмет ретінде олар жанкүйер күткен күресті жалғастырмады. Осылайша Париж Олимпиадасына қатысатын Амантұр Исмаилов бұл сында жеңімпаз деп танылды.

Мұндай жағдай қырғыз спортшылары арасындағы алғаш рет болып тұрған жоқ. 2019 жылы Тбилисиде өткен халықаралық турнирде танымал спортшы Жоламан Шәршенбеков өзінің отандасы Қаныбек Жолшыбековпен күреспей, жолын берген болатын.

Сондай-ақ, Қытайда өткен аралас жекпе-жек турнирінің финалында екі қазақ спортшысы октагонға шыққанымен, төбелеспей жүріп алған еді. Алайда, төреші оларға ескерту беріп, соңынан қызыл қағаз беріп, жарыстан қуып жіберді.