Қазақ балуаны финалда өзбекті жеңіп, Азия чемпионы атанды

Редактор
23.06.2024, 11:38

Бұдан бөлек, қоржында бір күміс, екі қола медаль бар

wrestling_team.kazakhstan

Бұл күндері Иорданияда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде отандық грек-рим балуандары бірнеше жүлде алды.

Аммандағы Азия чемпионатында Досбол Шәміл (60 келі, алтын), Әділет Тойшы (92 келі, күміс), Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі, қола), Едіге Төлеутаев (51 келі, қола) үздіктер қатарынан табылды.

Чемпион атанған Шәміл – Түркістан облысының тумасы. Иордания астанасында Қытай (9:0), Жапония (9:6), Үндістан (8:0) балуандарын жеңді. Ал финалда өзбек Фарух Юлдошевтан басым түсті.

Сөйтіп, Досбол екі дүркін Азия (2023, 2024) чемпионы атанды.