Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

ХОК еркін күрестен екі балуанның олимпиадалық жолдамасын кері қайтарды

Редактор
23.06.2024, 14:12

Бұл салмақта Қазақстаннан Нұрқожа Қайпанов лицензиялық үш турнирге қатысып, бәрінде жеңіліп қалды

FightTime

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь елінің еркін күрестен 74 келіде белдесетін екі балуанын Париж додасына қатыстырмау туралы шешім шығарды. 

Енді ХОК олар иеленген жолдаманы өзге елдің спортшыларына бермек. 74 келіде Беларусь атынан күресетін Магомедхабиб Кадимагомедовті сол елде тұратын этникалық қазақ бапкері Жұматай Шубаев жаттықтырады. Алайда, оның жолдамасы енді Италия балуаны Франк Чамизоға берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Ресей өкілі Заурбек Сидаков та Кадимагомедовтің кебін киіп отыр. Еркін күрестен 74 келіде сынға түсетін балуан жолдамасы Ресей құрамасынан кері қайтарылатыны белгілі болды. Бұл лицензия да қай елдің балуанына берілетіні таяу күндері анықталады.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының аталған салмақта Нұрқожа Қайпанов күреседі. Ол Париж жолдамасы үшін үш турнирге қатысып, барлығын да нәтижесіз аяқтаған болатын.

Жарнама
Жарнама