Есмигүл Куюлова Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді

Редактор
24.06.2024, 14:08

Париж Олимпиадасында дзюдо бәсекесі 26 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді

olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Есмигүл Куюлова Олимпиада ойындарында жекелей сында белдесетін болды.

63 келіде күресетін отандасымыз Халықаралық Дзюдо федерациясының қосымша жолдамасына ие болып отыр.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жекелей сын бойынша Қазақстан құрамасы атынан қатысатын дзюдошылардың саны тоғызға жетті. Осыған дейін Эсмигүлдің аралас командалық жарыста қатысатыны айтылған еді.

Ерлер санатында Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының 5 дзюдошысы белдеседі. Олардың қатарында Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг) белдеседі. Ал әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова (-48 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.

Париж Олимпиадасында дзюдо бәсекесі 26 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді.