Жеңіс Қасымбек шахматтан әлем чемпионы болған қазақ баласына екі бөлмелі пәтердің сертификатын берді

Редактор
28.06.2024, 10:10

Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгі санатта чемпион атанды

Астана әкімдігі

Астана қаласының әкімі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Әлемдік шахмат спортында тамаша табыстарға қол жеткізген Қазыбек Нөгербек өзінің мансабында бірнеше жетістіктерге жетті. Соның ішінде 20 жасқа дейін әлем чемпионы атағын иеленді. Оның Үндістанда өткен әлем чемпионатындағы соңғы жеңісі ерекше назар аудартады, онда ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 қатысушының ішіндегі мықты бәсекелестерінен оқ бойы озып шықты.

Салтанатты жиында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазыбек Нөгербекті жеткен жетістігімен құттықтап, "Damu Development Group" консорциумы берген баспана алу сертификатын табыс етті.

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек шахматтан жасөспірімдер арасындағы FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 әлем чемпионатында 20 жасқа дейінгі санатта чемпион атанды.