Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин рингке оралудың жалғыз шартын айтты

Редактор
01.07.2024, 10:46

Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиада комитетін басқарғанына 4-5 айдың жүзі болды

globallookpress.com

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиада комитетін басқарғанына 4-5 айдың жүзі болды. Осы аралықта боксшының кәсіби мансабына қатысты түрлі сұрақтар туындады.

«Головкин рингке орала ма?» деген сұрақ әрбір жанкүйерді ойландыратыны анық. Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында боксшы қандай жағдайда рингке оралуы мүмкін екенін айтып берді.

Еліміздің танымал кәсіпқой боксшысы соңғы рет 2022 жылдың күзінде жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша мексикалық Сауль Альварестен ұтылған еді. Бұл оның «Канеломен» өткізген 3-ші айқасы еді. Бұдан кейін Гена ресми түрде бокспен қоштасатыны туралы ләм-мим деп ауыз ашқан жоқ. 
 

Мен ешқашан спорттан кететінім туралы ақпарат жариялаған емеспін және бәрін шулатып, мәлімдеме жасау менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Қазір менің өз міндеттерім бар, өз ісімді жақсы көремін. Сонымен қатар, мен үшін өмір деген үздіксіз қозғалыс. Егер маған біреу жекпе-жекте қарсылас болғысы келетінін айтып, «ұсыныс» тастаса, әрі мен бұл мүмкіндіктің өз бағытым мен жолымды өзгертер тұсын байқасам, ойланбастан мұндай ұсынысты қабылдайтыным анық. Сондықтан алдағы уақытта менің қатысуыммен болатын тағы бір жекпе-жекке куә боласыздар деп сенемін, - деді боксшы.

Еске салайық, бұған дейін Головкин ҰОК басшылығында қанша уақыт қызмет атқаратынын айтқан еді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: