Иорданиядағы Азия чемпионатынан балуандар жүлдені күреп алды

Редактор
01.07.2024, 12:16

Амман қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды

ҰОК

Еркін күрестен Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатын аяқтады. 

Біздің балуандар жастар арасындағы Азия біріншілігінен сегіз медаль жеңіп алды. 

Мерей Базарбаев (61келі) пен Шамсат Тайыр (86 келі) чемпион атанды. 

Ал Сұлтан Құрманәлиев, Рүстем Мырзағалиев пен Әкежан Айтбековтің еншісінде күміс медаль бар. 

Олжас Олжақанов (70 келі), Нұрдәулет Бекенов (92 келі) және Бекзат Үркімбай (125 келі) құрлық додасының қоласын иеленді. 

Материалда: