Ол Ресей федералдық салық қызметіне 297 миллион рубль қарыз
UFC лигасында мүлдем жеңілмеген файтер Хабиб Нурмагомедов 297 миллион рубль қарыз болып, есеп-шоты бұғатталды.
Спортшы Ресей федералдық салық қызметіне 297 миллион рубль қарыз болуына байланысты шоттары бұғатталған. Федералдық салық қызметі спортшының бірнеше фирмасын жауып тастаған.
Шорттардың бұғатталуының басты себебі ресми құжаттардағы сенімсіз ақпараттарға байланысты болған. Сондай-ақ Хабибтің есепшоттары қайырымдылық қорының есепшотымен бірге бұғатталған.
Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов кәсіби мансабындағы 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 2020 жылы кәсіби карьерасын аяқтаған.