«Қайраттан» кеткен Игита «Семейде» ойнайтын болды

Редактор
02.07.2024, 17:59

Игита «Қайрат» қатарында 14 маусым ойнаған

«Семей» ФК

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео Игита «Семей» клубының қатарына қосылды.

Таяуда ғана «Қайраттан» кеткен ойыншы бұған дейін 5 мәрте әлемнің үздік қақпашысы атануымен ерекшеленген.

Сонымен бірге, ол 2016 жылы ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал 2021 жылы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, тәуір нәтиже көрсеткен.

Айта кететін жайт, түбі Бразилиямен байланысатын Игита «Қайрат» қатарында 14 маусым ойнаған. Алматылық клуб қатарында жүріп 39 рет жүлде жеңіп алған. Сонымен бірге, оның марапаттарының ішінде УЕФА-ның екі кубогы бар.

Материалда: