Қазақстан жүзуден екі жолдама жеңіп алды

Редактор
02.07.2024, 18:06

Екі қазақстандық спортшы жүзуден олимпиадаға қатысады

ҰОК

Жүзуден Қазақстан құрамасының екі мүшесі Париж Олимпиадасына қатысады. 

Атап айтар болсақ, Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова төртжылдық додасында бақ сынайды.

Мусин 100 метрге баттерфляй және еркін әдіспен жүзуден сынға түседі. 

Ал Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден өз күшін сынап көреді.