Өзбекстан шенеуніктері аяқ астынан Жалоловқа ту көтертпейтін болды

Редактор
02.07.2024, 22:52

Жалолов 2020 жылғы Токио олимпиадасында ту ұстап шыққан болатын

УзА

Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Париж олимпиадасында Өзбекстан туын ұстаушы мәртебесінен айырылды.

Жалолов 2020 жылғы Токио олимпиадасында таеквондошы Нигора Турсункуловамен бірге елінің туын ұстап шыққан болатын. Төртжылдықтың бас додасында Баходир 92 келіден жоғары салмақта жеңімпаз атанды. Париж олимпиадасында Өзбекстанның туын алып жүру міндеті боксшы Абдумалик Халоков мен семсерлесуші Зайнаб Дайибековаға жүктелді. 
Айта кетейік, Париж олимпиадасына бокстан Өзбекстан құрамасы толық құрамда қатысады.