Семсерлесуден Париж олимпиадасында ел намысын кім қорғайды

Редактор
03.07.2024, 17:47

Бүгін Олимпиадада сынға түсетін спортшылар есімі жарияланды

ҰОК

Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы өнер көрсетеді. 

ҰОК мәліметінше, шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады. 

Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі. 

Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.

Жоғарыда аталған төрттік жақында Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте  төртінші орынға көтерілген болатын.