Жапон балуаны қырғыз спортшысымен белдесуден кейінгі әсерімен бөлісті

Редактор
04.07.2024, 10:46

Ол қырғыздың танымал балуанымен күресу арқылы белдесудің не екенін ұққан

tonyrotundo.smugmug.com

Грек-рим күресінен 60 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы Кенитиро Фумита қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен күрескеннен кейін қандай ойға келгені туралы айтты.

Ол қырғыздың танымал балуанымен күресу арқылы белдесудің не екенін ұққанын мойындап, бас игенін жеткізді.

«Мен кырғыз балуанын көргеннен кейін күрестің не нәрсе екенін шынайы ұғындым. Бұған дейін күрестен толықтай рахат алмай жүре беріппін. Әлем чемпионатының финалында Шаршенбеков өзінің бар мүмкіндігін пайдаланып, небір әдістерді көрсетті. Ол сол жолы маған өте ыңғайлы позицияда күресті. Көптеген техникаларды қолданды. Мен де аянбай оған қарсы қауқар таныттым. Екеуара күрес өте қызықты болды. Бұл күрес. Онда небір жағдайлар болады. Одан ұтылып жатсам да сол сәтте маған өте жағымды әсер етіп жатты. Сол белдесуде менің ойым өзгерді. Күрес барысында стилімді, күресу тәсілімді өзгерту керек деген ойға қалдым. Сол белдесуде мен оңбай ұтылдым. Қандайда бір себеппен өзгеруіме тура келді. Мен Сербия астанасындағы 2023 жылғы финалды ешқашан ұмытпаймын. Осыдан кейін мен күрестен шындай рахат ала бастадым», - деді Кенитиро Фумита.

29 жастағы жапон балуаны 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионы атанған. Ол 2022 және 2023 жылдары әлем чемпионатында қола және күміс жүлде иеленіп, Шәршенбековпен тұғырда қатар тұрды. Жапон балуаны 2020 жылы Азия чемпионатының финалында Шаршенбековтен басым түскен еді.

Ал Жоламан Шаршенбеков осыған дейін әлем чемпионатында 4 рет финалға шығып, соңғы екеуінде чемпион атанды. Сондай-ақ, ол Азияның үш дүркін жеңімпазы, 2020 жылы Әлем кубогының иегері. 2023 жылы өткен Азия Ойындарының жеңімпазы. Бүгінде ол әлемдік рейтингте 60 келі бойынша көш бастап тұр.

Спортқа сараптама жасайтын шетелдік басылымдар қырғыз балуанын Парижде финалға шығады деп топшыласа, жапон спортшысының мүмкіндігін жартылай финалға дейін жетеді деп бағалап отыр.