Допинг дауы: Танымал балуан 3 жылға жарыстардан шеттетілді

Редактор
05.07.2024, 15:16

 Ол  Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін күресуі тиіс болатын

prosports.kz

Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді.

Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтында жазылған.

Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылды. Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды. 

Айта кетейік, 74 келі салмақтағы балуан Атырау облысының белді спортшысы. Ол  Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін Түркияға жарысқа аттануы тиіс еді. Талғат Сырбаздың Қазақстан чемпионатында тапсырған сынамасынан допинг табылған.

Материалда: