«Тур де Франста» франциялық велошабандоз әйелін құшақтап, айыппұл арқалады

Редактор
06.07.2024, 17:42

Оны спорт иммиджіне нұқсан келтіргені үшін айыптаған

Getty Images

Француз велошабандозы Джулиен Бернардқа «Тур де Франстың» жетінші кезеңінде әйелін құшақтап, көрермендермен сөйлескені үшін айыппұл салынды.

Бернард бұл кезеңді 61-ші орында аяқтады. Ол сол сәтті қайталау үшін айыппұлды күн сайын төлеуге дайын екенін айтты.

“Мен бұл күнді қатты күттім. Тауға көтерілу кезінде әйелім мен достарымның келгенін білдім. UCI Cycling, спорт имиджіне нұқсан келтіргенім үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен күн сайын 200 швейцариялық франк төлеуге және осы сәтті қайта басымнан өткізуге дайынмын”, – деп жазды Бернард әлеуметтік желіде.

Айыппұл сомасы 200 швейцариялық франк, шамамен 100 мың теңгеден асады. Ұйымдастырушылар велошабандоздың әрекетін орынсыз екенін, сондай-ақ спорт имиджіне нұқсан келтірді деп айыптап отыр.

Материалда: