Қазақстанның жас дзюдошылары Алматыдағы жарыста өзбек қарсыластарына есе жіберді

Редактор
08.07.2024, 12:22

Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылды

Қазақстан дзюдо федерациясы

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өз мәресіне жетті.

Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка және Германия, Молдова, АҚШ елдерінен 355 балуан қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орынға түсіп қалды. Бірінші орынды Өзбекстан балуандары жеңіп алды. Олар 6 алтын, 7 күміс, 16 қола медаль еншіледі. Қазақстан қоржынында 6 алтын, 7 күміс, 14 қола медаль бар. Жерлестерімізде екі қола аз болғандықтан есе жіберіп отыр. Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді (3 алтын, 2 күміс). 

Бекет Махмұтов – 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылды.