Еліміздің еркін күрес құрамасына Париж Олимпиадасының бір жолдамасы берілді

Редактор
08.07.2024, 13:29

Ресей балуандарынына тиесілі жолдама өзге құрамаларға үлестіріліп жатыр

t.me/kazwrestlinggg

Еркін күрестен 57 келіде Қазақстан құрамасына Париж Олимпиадасының жолдамасы табысталды. Бұл туралы Kaz_wrestling телеграм-арнасы хабарлады.

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей балуандарын Париждегі ойындарға қатысуына шектеу қойғалы бері оларға тиесілі жолдама өзге құрамаларға үлестіріліп жатыр. Бұл орайда Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасының чемпионы Заур Угуев иеленген жолдаманы алып отыр. Енді аталған салмақ бойынша Парижде Мейрамбек Қартбай белдесетін болды.

Мейрамбек Қартбай өткен жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында жолдамаға бір табан жақын қалып, иелене алмаған еді. Алайда ол кейінгі мүмкіндіктерінде де мүлт кетті.

Бұған дейін Италияның еркін күрес құрамасының 74 келіде белдесетін балуаны Франк Чамизо да Ресей балуанының жолдамасына алды.