Одан бөлек тағы төрт жүлде қоржында
Ташкентте жастар арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошылар төрт алтын медаль иеленді.
Құрлық бәсінде додаға түскен татамидің жас шеберлері бапкерлер сенімін толық ақтады. Жастар құрамасының бес спортшысы финалға шықса, оның төртеуі жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, 1 күміс, 3 қола медаль да қоржында.
Талғат Орынбасар (60 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (48кг), Жанарыс Рахметқали (66 кг), Алмат Әділет (73 кг) чемпион атанды. Сондай-ақ, Алдияр Қарғұлов (60 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ, жасөспірімдер құрамасы да бұл сында табысты өнер көрсетті. Олар бұл сында 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді.