Даңқты шахматшы Жансая Әбдімәлік күйеуінен қарағанда қатал екенін айтты

Редактор
22.11.2023, 12:05

Оның күйеуі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы

Facebook

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік өзінің Instagram-парақшасында жанкүйерлерінің сұрағына жауап бере отырып, отбасындағы ахуалы туралы айтты.

Желі қолданушыларының бірі одан «үйде кім мейірімді, күйеуіңіз бе, әлде сіз бе?» деп сұраған. Жансаяның жауабы көп күттірген жоқ.

«Кіммен, қайда және қашан екеніне байланысты, менің ойымша оның жүрегі жұмсақ, мен қаталмын», - деп жазды даңқты шахматшы.

Еске салайық, 23 жастағы Жансая Әбдімәлік биыл 24 сәуірде күйеуге шыққаны туралы хабарлаған еді. Оның күйеуі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев. Ол 1989 жылы туған.