Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Алматы аруларымен бірге жаттығу жасайды

Редактор
16.07.2024, 23:46

Былтыр ол Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа күйеуге шыққан болатын

Жастар рухы

Қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үші дүркін чемпионы Сора Рахмонова Алматыда қыз-келіншектермен бірге спорттық таңғы жаттығу өткізбекші. Бұл туралы «Жастар рухы» жастар қанаты мәлімдеді.

Іс-шара 21 шілдеде сағат 9:00-ге Тұңғыш президент саябағында өтеді деп жоспарланған. Жаттығуға ер адамдар қатыса алмайды.

Еске салайық, Сора – даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы. Ол MMA-да бес жекпе-жек өткізіп үлгерді және төртеуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңілген.

Былтыр жыл соңында Сора Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа күйеуге шыққан болатын. Содан бері спортшы жекпе-жектерге шыққан емес.