Токио Олимпиадасына спортшыларды дайындау үшін 2021 жылы 700 млн теңге бөлінген
Қазақстан спортшыларын Париж Олимпиадасына дайындау үшін жұмсалған қаржы көлемі белгілі болды.
Төртжылдықтың басты ойындарына 980 млн теңге бөлініп, оның 635 млн теңгесі оқу-жаттығу жиындарына кеткен.
Ал 345 млн теңге жарыстарға қатысуға, 11 әлем чемпионаты, 26 Азия біріншілігі және 92 халықаралық додаларға қатысу үшін жұмсалған. Бұл туралы еліміздің туризм және спорт министрлігі ZTB News порталының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
"Париж Олимпиадасында ұлттық құрама спортшылары киетін арнайы спорттық форманың үлгісін бекіту үшін арнайы комиссия құрылды. Оны анықтау екі кезеңнен тұрды. Соның нәтижесінде Health&Sport ЖК мен “Эксклюзив студио” ЖШС жеңімпаз деп танылып отыр. Бұған кеткен шығындардың барлығы демеушілердің есебінен төленді", - деп жазылған министрлік дерегінде.
Сонымен бірге, Олимпиада Ойындарында жүлде алған спортшыларға мемлекет есебінен төленетін сыйақы көлемінде өзгеріс жоқ.
1 орын – 250 мың АҚШ доллары (118 млн теңге)
2 орын – 150 мың АҚШ доллары (70 млн теңге)
3 орын – 75 мың АҚШ доллары (35 млн теңге)
4 орын – 30 мың АҚШ доллары (14 млн теңге)
5 орын – мың АҚШ доллары (4,7 млн теңге)
6 орын – мың АҚШ доллары (2,3 млн теңге)
Парижге дейінгі олимпиадалық циклда Қазақстанның 80 спортшысы 25 спорт түрі бойынша барлығы 92 лицензияға қол жеткізген.
Салыстырмалы түрде, Токио Олимпиадасына спортшыларды дайындау үшін 2021 жылы 700 млн теңге бөлінген. Алайда жапон жерінде өткен ойындарда отандық спортшылар тек 8 қола жүлдеге ие болған еді.
Қазақстан спортшылары спорттың барлық түрі бойынша Олимпиада Ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері саңлақтарыңыз қысқы спорт түрі бойынша 7, ал жазғы ойындарға 7 рет қатысып жалпы саны 80 жүлдеге ие болған. Оның ішінде 8 медаль қысқы спортқа тиесілі.