Қазақстан пара жеңіл атлетикадан тағы бір лицензия жеңіп алды

Редактор
17.07.2024, 13:18

Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 22 лицензия бар

Туризм және спорт минитсрлігі

Еліміздің спортшысы Салтанат Әбілхасымқызы пара жеңіл атлетикадан Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия алды. Салтанат Т35 классында 100 м жүгіру дисциплинасында өнер көрсететін болады.

Бұл осымен пара жеңіл атлетикадан Қазақстанның төртінші лицензиясы. Бұдан бөлек, Паралимпиада ойындарында аталған спорттан ел намысын Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан және Қайыржанова Гүлбахыт қорғайтын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 22 лицензия бар. Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (4), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2) және пара оқ ату (2).

XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.