Парижде өнер көрсететін ең танымал 10 спортшы кім?

Редактор
17.07.2024, 14:27

Парижге баратын спортшылар қатарында әлі мектепті аяқтамаған оқушы да бар

olympics.com

Париж Олимпиадасына қатысатын ең танымал 10 спортшының есімі белгілі болды. Олардың арасында бірнеше Олимпиадада чемпион атанған споршылармен қатар әлі мектепті аяқтамаған оқушы да бар. Ал егде танымал спортшы 41 жаста.

Симона Байлз - спорттық гимнастика. 27 жастағы АҚШ спортшысы бұған дейін Олимпиада ойындарында 4 мәрте жеңімпаз атанған. Әлемнің 23 дүркін чемпионы.

Леброн Джеймс - баскетбол (АҚШ) 39 жастағы спортшы ең танымал баскетболшы. Ол 2 дүркін Олимпиада чемпионы, қола жүлдегері.

Кэтти Ледеки - жүзу, (АҚШ). 27 жастағы атлет 7 дүркін Олимпиада чемпионы. 21 рет әлем чемпионатында топ жарған.

Новак Джокович - теннис (Сербия). 37 жаста.

Рори Макилрой - гольф (Ирландия). 35 жаста.

Арман Дюплантис - сырықпен секіру (Швеция), 24 жаста. Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы.

Тедди Риннер дзюдо (Франция), 35 жастағы татами шебері Олимпиада ойындарында 5 рет жүлде (3 алтын, 2 қола) алған. Әлем чемпионатының 12 дүркін чемпионы.

Элиуд Кипчоге - марафон (Кения). 39 жастағы желаяқ Рио және Токио Олимпиадасының чемпионы. Афины және Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.

Михаин Лопес - греко-рим күресі (Куба). Биыл 42 жасқа толатын балуан Олимпиададан 4 рет алтын медаль иеленді. Әлем чемпионатының 5 дүркін чемпионы.

Скай Браун - скейтбординг (Ұлыбритания). 16 жастағы спортшы Токиода қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Париж олимпиадасы әлемнің үздік спортшыларының өнерін тамашалауға мол мүмкіндік болмақ. Дегенмен, он мыңнан астам спортшы сынға түсетін додада нақты кімге назар аудару керектігін байқау өте қиын.

Қазақстан құрамасында Токио Олимпиадасының үш жүлдегері сынға түседі. Олар Елдос Сметов (дзюдо), Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев (екеуі де бокс).

Материалда: