Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Париж-2024: Өзбекстан Испания қақпасына гол соқты

Редактор
24.07.2024, 20:41

Енді Өзбекстан шілдеде Египетпен кездеседі

ашық дереккөз

Париж Олимпиадасында футбол басталып кетті. Шымылдық ашар матчта Испания мен Өзбекстан кездесті.

Матчтағы есепті бірінші таймда Испания сапынан Марк Пубиль ашқан. Дегенмен үзіліске дейін өзбектер таразы басын теңестіріп үлгерді. «Барселонаның» 17 жастағы қорғаушысы Пау Кубарси өз айып алаңында тәртіп бұзып, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген капитан Эльдор Шомуродов мүлт кеткен жоқ.

Үзілістен кейін Испания пенальти тебуге мүмкіндік алған. Алайда Серхио Гомес қақпашыдан айласына асыра алмады. Дегенмен ол өз қатесін жуып-шайып, 3 минуттан кейін жеңіс голын соқты.

Осы есеп соңғы минуттарға дейін өзгермеді. Енді Өзбекстан шілдеде Египетпен, 30 шілдеде Доминикан Республикасымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама