Елдос Сметов әлемнің бірінші номерлі дзюдошысын жеңіп, жартылай финалға шықты

Редактор
27.07.2024, 15:53

Жартылай финалда ол испан дзюдошысымен белдеседі

olympic.kz

Дзюдодан 60 келіде өнер көрсететін Елдос Сметов париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ширек финалда ол әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Қытайлық Тайбэй балуаны Ян Юн Вэйді жеңді.

Тайбэйлік балуан Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Бұған дейін Елдос екеуі Ташкентте бір рет белдесіп, қазақ дзюдошысы жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы Сменов басты қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда жерлесіміз испан дзюдошысы Франсиско Гарригоспен белдеседі. Ол ширек финалда жапон Рюдзю Нагаяманы қылқындыру әдісімен жеңген болатын.