Абиба Әбужақынова ширек финалда жеңіліп қалды

Редактор
27.07.2024, 16:23

Оның қола жүлде алуға мүмкіндігі бар

olympic.kz

Париж Олимпиадасында дзюдодан өнер көрсетіп жатқан қазақстандық Абиба Әбужақынова (-48 кг) жартылай финалға шыға алған жоқ. Ширек финалда жерлесіміз испан дзюдошысы Лаура Мартинестен жеңілді.

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталған соң қарсыластар жеңімпазды голден скорда анықтаған. Бұл сында испан дзюдошысының мерейі үстем болды.

Енді Абибаның үшінші орын үшін күресуге мүмкіндігі бар.

Бұған дейін қазақ дзюдошысы израильдік Шира Ришони мен тайваньдық Лин Чэн Хаоны жеңген еді.