«Әдемі сөйлейтіндерді тыңдама, ешкімге керек болмай қаласың»: Головкин Сметовке ағалық ақылын айтты (ВИДЕО)

Редактор
28.07.2024, 10:53

Головкиннің өзі 2004 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған

ҰОК

Париж Олимпиадасының жеңіс тұғырына көтерілген қазақ дзюдошысы Елдос Сметовке ҰОК президенті Геннадий Головкин ағалық ақылын айтты. Бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Еске салайық, 60 келіде өнер көрсеткен Сметов бес белдесудің бәрінде жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол Олимпиада ойындарында үш рет жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанып тыр.

«Әдемі сөйлейтін адамдарды көп тыңдай берме. Ондайлар қазір көбейеді. Мен өз тәжірибемнен білемін. Ал, соңында отбасыңнан басқа ешкімге керек болмай жалғыз қаласың. Сосын менің орныма келуіңе тура келеді», - деді Головкин Сметовке.

Елдос Сметов 2016 жылғы Рио Олимпиадасының – күміс және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы.

Геннадий Головкин 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері. Кәсіпқой бокста орта салмақта бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы атанған.