Үстел теннисінен Кирилл Герасименко алғашқы матчында жеңіске жетті

Редактор
28.07.2024, 10:04

Ол чилилік Николас Бургостан басым түсті

Тұрар Қазанғапов

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті. 

Ол чилилік Николас Бургостан басым түсті. Есеп - 11:4, 11:5, 12:10, 11:6. 

Келесі кезеңде ол Тьягу Аполония (Бразилия) - Дан Цю (Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.