Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының басты фаворитін жеңді

Редактор
28.07.2024, 15:28

Отандасымыз ширек финалда бақ сынайды

ҰОК

Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасының басты фавориті Ан Ба Улды (Оңтүстік Корея) жеңді.

Ширек финалдағы Ғұсманның қарсыласы енді анықталады.

Ғұсман - әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ал Ан Ба Уль - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы.