Ол соңғы екі белдесуінде жарыс фавориттерін ұтты
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты.
Ол 66 келіге дейінгі салмақта күресіп жатыр. Отандасымыз ширек финалда француз спортшысы Валид Хьярды таза жеңді.
Айта кетейік, Ғұсман алғашқы белдесуінде алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнені жеңген болатын. Екінші айналымда атақты Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулды үйіне қайтарған. Енді финалға жолдама алу үшін белдеседі.