Жарыс кестесі: бүгін Данияр Шамшаев пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жолына шығады

Редактор
29.07.2024, 09:31

Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші жекпе-жегін өткізеді

olympic.kz

Бүгін Париж Олимпиадасының үшінші жарыс күні. Бұл күні қазақ жанкүйерлері тағы да дзюдо мен бокс спортын тамашалап, спортшыларымыздан медаль күтеді.

Екі күн қатарынан Қазақстан қоржынына медаль салған дзюдошылар бүгін тағы да жеңіс тұғыныра көтеріле ала ма? Әрине, үміт көп. Демек, 73 келіде бақ сынайтын Данияр Шамшаев үшін қазақ жанкүйерлері тақым қысады.

Сондай-ақ, бірінші айналымда жеңіске жеткен боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы да кезекті жекпе-жегін өтікізеді (63,5 кг). Ол Қытайлық Тайпэй өкілі Лэй Чу Энмен жұдырықтасады.

Ал, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев болса Испания боксшысы Гадфа Дрисси әл Айсауи Аюбпен рингке шығады.

29 шілдеге арналған жарыс кестесі:

12:00. Әйелдер. Семсерлесу. 1/32 финал.
Айгерім Сарыбай - Чайма Бенадуда (Алжир)

12:15. Оқ ату. Микст. Пневматикалық тапанша. 10 метр. Іріктеу.
Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

12:30. Академиялық есу. Ерлер. Жартылай финал E/F 1.
Владислав Яковлев

12:30. Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Финал
Александра Ле

13:00. Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал.
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

13:16 Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал.
Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко. Қазақстан - Италия

14:13 Жүзу. Әйелдер. Шалқалау жүзу. 100 метр. Іріктеу.
Ксения Игнатова

15:00 Теннис

18:40 Бадминтон. Ерлер.
Дмитрий Панарин - Брайан Янг (Канада) (18:40-тан ертерек емес)

23:00. Үстел теннисі. Ерлер.
Кирилл Герасименко

00:04. Бокс. Ерлер. 1/8 финал.
63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лай Чу Ен (Тайбэй)