Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық Олимпиада чемпионы әке атанды

Редактор
29.07.2024, 11:03

Ол 2022 жылы үйленген еді

olympic.kz

Жүзуден Қазақстан тарихында Олимпиаданың жалғыз чемпионы Дмитрий Баландин қызды болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Сәби 28 шілдеде дүниеге келген. Ата-анасы оған Оливия деген есім беріпті.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин 2022 жылы спорттағы мансабын аяқтап, сол жылы үйленген болатын. Оның әйелі де спортшы – синхронды жүзуден Қазақстанның спорт шебері.

Баландин 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанды. Ол Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада чемпионы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама