«Бауырларым». Баходир Жалолов Елдос Сметовті ерекше құттықтады

Редактор
30.07.2024, 00:21

Өзбекстандық бас бапкер Толқын Қылышев та ақжарма тілегін жеткізді

IBA

Өзбекстанның басты бокс жұлдызы Баходир Жалолов пен бас бапкер Толқын Қылышев дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті ерекше құттықтады.

Қазақстанның алғашқы алтын медаль алуымен құттықтады.

«Бауырларым құттықтаймын! Жарайсыңдар»,- деді Толқын Қылышев.

Ал Токио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы  Баходир Жалолов та қалыс қалмай «Сметов, красавчик, құттықтаймын» деп айтты.

Айта кетейік, Елдос Сметов Парижде чемпиондық атаққа қол жеткізіп, ел тарихында дзюдодан алтын медаль алған бірінші спортшы атанды.

Ал Баходир Жалолов бүгін бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол +92 келіде 1/8 финалда Норвегиядан келген Омар Шиханы жеңді.