Отандық жанкүйерлер 30 шілде күні кімге жанкүйер болады?
Париж Олимпиадасында бүгін қазақстандық спортшылар спорттың бес түрі бойынша сынға түседі. Оның ішінде дзюдо мен боксты жанкүйерлер асыға күтетіні сөзсіз.
Дзюдодан ерлер 81 келіде, әйелдер 63 келіде Олимпиада медальдарын сарапқа салады. Бұл сында Қазақстан намысын Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигүл Куюлова қорғайтыны белгілі.
Ал, боксшылар Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов келесі айналымға өту үшін алғашқы кездесулерін өткіщеді.
30 шілдеге арналған жарыс кестесі:
Стенд ату (трап), әйелдер. Іріктеу
Дзюдо, 81 кг (ерлер) және 63 кг (әйелдер). Іріктеу кезеңі және финалдық кезең
Жүзу, 100 метрге еркін стильде (ерлер). Іріктеу кезеңі, жартылай финал
Бокс, 80 кг (ерлер). 1/8 финал
Садақ ату, ерлер. 1/32 финал
Бокс, 51 кг (ерлер). 1/8 финал