Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Белгілі кәсіпкер Абиба Әбужақыноваға стипендия тағайындамақшы

Редактор
30.07.2024, 10:12

Бұл стипендияны бұған дейін Елдос Сметов алып келген

olympic.kz

Белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей дзюдошы Абиба Әбужақыноваға стипендия тағайындамақшы. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазған.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында үшінші орын үшін күресіп, жеңіліп қалған Абибаға демеуші боламын дегендер қатары артып отыр. Жарақатына қарамастан ел намысы үшін соңына дейін күрескен балуан қыздың қайсарлығына тәнті болдық дейді олар.

«Токио олимпиадасында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен ASSYLTAS стипендиясының иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж олимпиадасында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар», - деп жазды Дулат Тастекей әлеуметтік желіде.

Кәсіпкердің бұл бастамасын жүздеген адам қолдап, Абибаның мұндай құрметке лайық екенін жазуда.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Абиба Әбужақыноваға қомақты сыйақы беретінін мәлімдеген болатын.

Жарнама
Жарнама