Гризманн Олимпиадада қазақ спортшысының өнерін тамашалады

Редактор
30.07.2024, 17:30

Гризман регби, гимнастика, жүзу, ат спорты және семсерлесуден сайыстарында көрермен болған

t.me/AyanLive

Танымал француз футболшысы Антуан Гризманн Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының тұрақты көрерменіне айналған.

Жанкүйерлер аяқ доп шеберін түрлі жарыстардан көріп жүр. Гризманның регби, гимнастика, жүзу, ат спорты және семсерлесуден сайыстарға барғанын байқауға болады. 

Семсерлесу жарысында Антуан өзінің отандасы Ромен Каннонның жекпе-жегін көруге барған. Естеріңізде болса, 1/8 финалда Олимпиада чемпионы француз Ромен Каннонды қазақстандық семсерлесуші Руслан Құрбанов жеңіп кетті. Ширек финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Руслан қарсыласын 15-10 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, Құрбанов ширек финалда жапон Коки Канодан айласын асыра алмады.