Мысырлық спортшы жүктіліктің жетінші айында Олимпиадаға қатысты

Редактор
30.07.2024, 17:25

26 жастағы мысырлық семсерлесуші мәлімдеме жасады

sportball24.com

26 жастағы мысырлық семсерлесуші Нада Хафез жекелей сындағы жарыс жолын аяқтаған соң таңғаларлық мәлімдеме жасады.

Париждегі Олимпиада ойындарына қатысқан семсерлесуші жүкті екенін айтты. Бір қызығы, Хафез жуық арада ана атанады, себебі ол қазір жүктіліктің жетінші айында екен.

Жекелей сынның алғашқы кезеңінде Хафез американдық Элизабет Тарковскиді жеңгенімен (15:13), екінші кезеңде оңтүстік кореялық Чон Ха Юнге есе жіберді (7:15).

«Алаңда екі қатысушы болып көрінгенімен, шын мәнінде біз үшеу едік: мен, қарсыласым және дүниеге келмеген сәбиім. Балам екеуміз талай сынақтан өттік, физикалық тұрғыдан да, эмоционалдық тұрғыдан да оңай болған жоқ, бірақ осы жолдан жүріп өткеніме қуаныштымын», - деді Хафез әлеуметтік желідегі парақшасында.

Хафез осымен үшінші рет Олимпиада ойындарына қатысып отыр, дегенмен жекелей сында екінші раундтан әрі аса алмаған.

Материалда: