Бүгін Айбек Оралбай мен Мұхамедсабыр Базарбайұлы жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

Редактор
01.08.2024, 09:18

Мергендер де бұл күні бағын сынайды

Қазақстан бокс федерациясы

Париждегі Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен сайысқа түседі. Атап айтқанда, бокс, дзюдо, садақ ату және винтовкамен нысана көздеуден отандық атлеттерге жанкүйер боламыз.

1 тамызға арналған жарыс кестесі:

Садақ ату, ерлер. 1/32 финал

  • Дәулеткелді Жаңбырбай - Хорхе Энрикес (Колумбия)
  • Басталуы: 12.43

Дзюдо, 100 кг дейін (ерлер). Іріктеу кезеңі, финал

  • Нұрлыхан Шархан (төртінші белдесуде татамиге шығады)
  • Басталуы: 13.00 (іріктеу кезең), 19.00 (финалдық кезең)

Оқ ату, әйелдер (винтовка, 50 метр, үш қалыпта). Іріктеу

  • Арина Алтухова, Александра Ле
  • Басталуы: 15.00

Бокс, 50 кг дейін (әйелдер). 1/8 финал

  • Назым Қызайбай - Каролин Барбоса де Алмейда (Бразилия)
  • Басталуы: 18.30

Бокс, -92 кг (ерлер). 1/4 финал

  • Айбек Оралбай - Лорен Альфонсо Домингес (Әзірбайжан)
  • Басталуы: 20.54

Садақ ату, ерлер. 1/32 финал

  • Александр Еременко - Баптист Аддис (Франция)
  • Басталуы: 21.19

Бокс, 63,5 кг дейін (ерлер). 1/4 финал

  • Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лаша Гурули (Грузия)
  • Басталуы: 00.36