Бірде-бір боксшысы жеңілмеген өзбек бапкері Головкинді мақтады

Редактор
01.08.2024, 11:31

Париж Олимпиадасында Өзбекстанның 7 боксшысы да ширек финалға өтті

instagram/Толқын Қылышев

Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді мақтады.

Ол әлеуметтік желіге бірге түскен суретін жариялады.

«Әлемдегі үздік боксшылардың бірі және жақсы адам», - деп жазды Толқын Қылышев.

Желіде пікір жазғандар екі елдің достығы берік болғанын қалайтынын, өзбек бапкеріне де қазақ жанкүйерлері ыстық ықыластарын білдірген.

«Толқын аға, мықтысыз. Қазаққа да сіздей мықты маман бұйырса екен», «Өзіңіз де жақсы азаматсыз», «Қазақ-өзбек бір-біріне жау емес», «Бауырлас елдің ынтымағы арта берсін», «Қазақ боксшылары Жалоловтың тойына барғанда қатты қуандым», - делінген пікірлер бар. 

Айта кетейік, бокстан Париж Олимпиадасында Өзбекстанның 7 боксшысы да ширек финалға өтті. Қазақстаннан тек төретеуі жолдама алды.