Шархан Нұрлыхан Олимпиаданы жеңіспен бастады

Редактор
01.08.2024, 13:37

Отандасымыз енді Өзбекстан өкілімен шеберлік байқасады

Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында Шархан Нұрлыхан алғашқы айналымды жеңіспен бастады.

-100 келіде белдескен отандасымыз бірінші белдесуінде Бельгияның өте тәжірибелі дзюдошысы Тома Никифоровтан басым түсті. Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Томаға үшінші ескерту беріліп, жеңіс отандасымызға бұйырды.

Бельгиялық татами шебері бұған дейін әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы атанған.

Шархан Нұрлыхан енді 1/8 кезеңде Өзбекстан өкілі Музаффарбек Туробовпен шеберлік байқасады. Көрші ел балуаны 2022 жылы әлем чемпионатында топ жарды.