Нұрлыхан Шархан өзбек дзюдошысын жеңе алмады

Редактор
01.08.2024, 14:43

Ол жұбаныш белдесуінен де үмітті емес

olympic.kz

Париж Олимпиадасында -100 келіде белдескен дзюдошы Нұрлыхан Шархан екінші айналымда өзбек балуаны Музаффарбек Туробоевтан жеңіліп қалды.

Айта кету керек, өзбек балуаны әлем чемпионы және Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы. Ал, отандасымыз әлемдік біріншілікте жүлде алмаған.

Белдесу аса тартысты әрі қызықты өтті деуге болады. Бойы екі метрге жуық өзбек дзюдошысы Нұрлыханға ыңғайсыз қарсылас болғанымен ол бір вазари әдісін істеп үлгерді. Десе де, Туробоев алдымен вазари, кейін иппон әдісін жасап, жеңіске жетті.

Бірінші айналымда Нұрлыхан Шархан бельгиялық Тома Никифоровты жеңген болатын. Ол белдесуде төреші қазақ балуанының қарсыласына үш ескерту беріп, кездесуді тоқтатқан.