Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Гимнаст Нариман Құрбановтың болашақ қалыңдығы неке жүзігін күтіп жүргенін айтты

Редактор
05.08.2024, 09:35

Сүйіктісі - Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.

instagram.com/aida_bauyrzhanova

Париж олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс жүлдеге ие болған Нариман Құрбанов үйленетінін мәлімдеген. Бұл мәлімдемені оның болашақ қалыңдығы Аида Бауыржанова әлеуметтік желіден көрген.

Нариман Құрбанов өзінің сүйіктісіне үш жыл бойы уәде беріп, олимпиада аяқталған соң үйленетінін айтқан.

«Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын», - деді Нариман.

Ал Аида болса Instagram парақшасында «Жүзік күтемін», - деп жазып, жауап берген.

Айта кетейік, Өзбекстанның Ташкент қаласында спорт гимнастикасынан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. 

Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

 

Жарнама
Жарнама