Қазақстандықтар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты әуежайдан күтіп алды

Редактор
05.08.2024, 09:20

Әуежайға жиналған адамның санында шек жоқ

tengrisport.kz

Бүгін Париж төрінде ел намысын абыроймен қорғаған олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола медаль иегері Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Алматы әуежайында жанкүйерлері мен туыстары жиналып, дзюдошыларды күтіп алды.

Қола медаль иегері Ғұсман Қырғызбаевқа Дзюдо федерациясы Toyota Prado көлігін сыйлаған. Дзюдошы отбасымен бірге су жаңа көлікке мініп кетті.

Фото: tengrisport.kz