Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сметов жеңе алмаған жапонның танымал дзюдошысы үлкен спортқа оралады

Редактор
05.08.2024, 11:18

Наохиса Такато биыл Париж олимпаидасынан тыс қалған

tonyrotundo.smugmug.com

Дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Наохиса Такато үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді.

Ол Париж Олимпиадасында түсіру тобымен бірге жұмыс істеп, балуандардың өнерін татамидің шетінде отырып тамашалады. Алайда Такато осыдан кейін үлкен спортқа оралу туралы шешімге келген.

"Мен Париж Олимпиадасында татамидің шетінде отырғанымда жүрегімде қайтадан бір жанартаудың атқылағанын сездім. Құрамадағы менен жасы үлкен Хашимото мен Цунода сынды дзюдошылардың өнерін бақылап отырып, мұнымен тоқтай алмайтынымды түсіндім. Қазір 31 жастамын. Дзюдо үшін ардагермін. Алайда Олимпиадаға қатысу үшін бәрін басынан бастап, барымды саламын. Бұл жеңіл жол емес. Бірақ мен татамиге қайта ораламын", - деді Такато.

Наохиса Такато өткен жылдың соңында өткен Токио Гранд Слэмінде өзінің құрамадағы басты қарсыласы Рюджи Нагаямаға есе жіберген соң Париж Олимпиадасынан тыс қалған болатын. Ол 60 келіде Рио Олимпиадасында қола жүлде иеленсе, Токиода чемпион атанды. Сондай-ақ, әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. Азия біріншілігінде бір рет топ жарған.

Такато Қазақстан дзюдошысы Елдос Сметовпен татамиде көп кездескен спортшы. Алайда Сметов оған бірнеше мәрте есе жіберіп, осыған дейінгі сындарда басымдық таныта алмаған еді.

Париж Олимпиадасында Елдос Сметов өз салмағында чемпион атанған соң Наохиса Такато арнайы құттықтап, шын қуанышты екенін жеткізген еді. Сондай-ақ, ол Сметовке Олимпиадаға киген кимоны бұдан сәл ертеректе сыйға тартқанын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама