Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасын сәтті бастады

Редактор
05.08.2024, 19:12

Ол Румыния балуаны Амин Алексуспен белдесті

Сали Сабиров

Бүгін Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен жарысты бастаған Әлімхан Сыздықов бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

Ол Румыния балуаны Амин Алексуспен белдесіп, 3:1 ұпайымен басым түсті. Бірінші кезеңде Әлімхан 1:0 ұпайымен алға шықса, екінші айналымда румын есепті теңестірді. Алайда Амин Әлімханның шалбарынан ұстап әдіс жасағаны үшін отандасымызға 2 ұпай берілді.

130 келіде сынға түскен отандасымыз екінші айналымға өтті. Енді ол екінші айналымда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әзірбайжандық балуан Сабах Шариатимен күреседі. Шариати бірінші айналымда Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Хейки Набиді ұтты.