Олимпиадада жүлдеге ілінген қырғыз боксшының елде қалған бапкері дау тудырды

Редактор
05.08.2024, 19:21

Қырғызстан спортшысы бокстан Олимпиада тарихында алғаш рет жүлдеге қол жеткізді

olympics.com

Париж Олимпиадасында бокстан жартылай финалға шыққан қырғыз боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлының жеке бапкері Бегенас Сұлтанбаев шәкіртімен бірге айтулы жарысқа бармай қалған. Бұл оқиға Қырғызстанда даулы мәселеге айналды.

Ел тарихында Олимпиада жүлдесіне қол жеткізген тұңғыш боксшының жаттықтырушысы неліктен Париж додасынан тыс қалғанын жергілікті жанкүйерлер қызу талқылап жатыр.

Қырғызстанның спорт департаментінің басшысы Айбек Әбдімомыновтың сөзінше, жеке бапкер аккредитациядан өтпей қалуына байланысты елде қалған.

"Мұнарбектің жеке бапкері Парижге бармады. Себебі, боксшы Олимпиада жолдамасын маусым айында алды. Ал Олимпиадаға тіркеу наурыз айында аяқталған. Лицензиялық жарысқа бірнеше боксшы қатысқанымен, олардың қайсысы жолдама алатыны белгісіз еді. Сондықтан, тек бас бапкер ғана тіркеуден өтті. Сол себепті барлық жауапкершілік сол адамға жүктелді", - деді департамент басшысы.

Бұған дейін бас бапкердің орнына елдегі қалталы кәсіпкердің кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда кейін ол дерек жалған болып шықты. Олимпиада ойындарына бас бапкермен бірге өзбекстандық ассистент маман аттанған көрінеді.

Айта кетейік, өзбек бапкері қырғызстандық боксшыға секундант болғаны жөнінде жазған едік.

Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!

Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!

Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh ❤️