Әйгілі марафоншы Марат Жыланбаевты сот 7 жылға түрмеге жапты

Редактор
29.11.2023, 17:47

Прокурор оны 10 жылға қамауға сұраған

Orda.kz

Астана соты әйгілі марафоншы, әлемдік рекордты бірнеше рет жаңартқан Марат Жыланбаевты 7 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Жарты жылға жуық уақыттан бері Астананың тергеу абақтысында отырған, биыл жазда қамауда отырып 60 жасқа толған Марат Жыланбаевтың ісі бойынша сот қазан айының аяғында басталған.

Осыған дейін соттағы жарыссөзде сөйлеген прокурор соттан халықаралық деңгейде аты әйгілі марафоншы Марат Жыланбаевты 10 жылға түрмеге қамауды сұраған.

Белсендіге «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. Жыланбаевтың өзі және жақтастары билік оны саяси көзқарасына бола қудалап жатыр деп есептейді.