Қазақстандық таеквондошылардың қарсыластары анықталды

Редактор
06.08.2024, 21:10

Қазақстандық екі спортшы ел намысын қорғайды

ҰОК

2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды. Аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу ертең, 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді. 

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.